Абайская область

Аягөзде өрттен қаза тапқан балалар үйде жалғыз қалған – Жақыпова

Балалардың ата-анасына психологиялық қолдау көрсетіледі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова «Өзгеріс дәуіріндегі еңбек нарығы» атты халықаралық конференция кулуарында Аягөздегі өрт салдарынан 4 баланың қаза болуы жөнінде пікір білдірді, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

«Қазіргі уақытта комиссия жұмыс жүргізіп жатыр. Балалардың әкесі жедел жәрдем қызметінде жұмыс істейді, анасы азық-түлік алуға шығып кеткен. Балалар үйде жалғыз қалған. Негізі балаларды жалғыз қалдыруға болмайды. Бұған дейін Астанада, Жамбылда болған оқиғаға бәріміз куә болдық, қазір Аягөзде болды. Сондықтан қазіргі уақытта комиссия өз шешімдерін шығарады. Біздің тарапымыздан тек қана жәрдемдесу – психологиялық қолдау көрсету», — деді Еңбек министрі.

Өз кезегінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев оқиғаның тексеріліп жатқанын айтты.

«Бұл жерде Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитетінің пікірі маңызды.Мемлекет белгілеген барлық қолдау шаралары көрсетіледі, дегенмен мұндай жағдайда тергеу нәтижесін күту керек», — деді вице-министр.

Еске салайық, 25 қазан күні Абай облысы Аягөз қаласында жеке үйден өрт шығып, салдарынан 4 бала қаза тапты.

Другие новости

Back to top button