Госорганы

АИ-95 бензинінің 21 күнге жететін қоры бар — Энергетика министрлігі

Елімізде АИ-95 бензинінің 21 күнге жеткілікті қоры бар. Бұл туралы Энергетика министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халық жиі тұтынатын АИ-92 бензинінің шекті бағасы литріне 205 теңгеден аспайды. Ал АИ-95 бензиніне қатысты мемлекеттік реттеу қолданылмайды. Соған орай, баға нарықтағы сұраныс пен ұсыныс негізінде айқындалады. Бұл ретте еліміздегі АИ-95 бензинінің жиынтық қоры (мұнай базалары мен мұнай өңдеу зауыттарындағы, жолдағы және импорт) жеткілікті — 57 мың тонна. Бұл еліміздің 21 күндік қажеттілігін қамтамасыз етеді», — деп атап өтеді министрліктен.

Ведомство мәліметінше, АИ-92 бензинінің қоры да елімізде жеткілікті. Бензиннің бұл түрлері қор ұстаушылардың өтініміне және өндіріс көлеміне байланысты толықтырылып отырады.

 

Другие новости

Back to top button