Госорганы

«Ағзасын ауыстыруға барған»: Қазақстандық дәрігер Түркияда қамауға алынды

«Ағзасын ауыстыруға» Түркияға барған қазақстандық әйел ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Қазақстандық Лариса Ожерельева жұбайы Сергеймен бірге қиын жағдайға тап болды. Стамбул полициясы оларды адам органдарын саудалаумен айналысты деп айыптап жатыр. Ер адам елден шықпау туралы құжатпен босатылған ал оның әйелін бірінші топтағы мүгедектігіне қарамастан қамауға алған.

Бұған қатысты мән-жайды анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.

“Алдын ала мәліметтер бойынша, ол жалған құжат жасады деп айыпталуда. Ол донор ретінде туысын көрсеткен. бірақ тергеу оның мүлдем басқа елдің азаматы болып шыққанын мәлімдеді. Сондықтан ол қазір қамауда. Консулдық бақылауға алды. Біз қазірдің өзінде адвокат таптық, оның туыстарымен үнемі байланыстамыз. Қазір оны денсаулық жағдайына байланысты ешқайда шықпайтыны туралы қолхатпен ауыстыруды сұрап жатырмыз», — дейді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Лариса Ожерельеваның жақындары Instagram әлеуметтік желісінде оқиғаның мән-жайын жазған.

Туыстарының сөзінше, Лариса Владимировна алты жылдан бері бүйрек ауруымен аурады. Дәрігерлердің айтуынша, оның емделіп кетуіне жалғыз жол – бүйрек алмастыру.

Ожерельеваның әпкесі оның жағдайы соңғы кездері күрт нашарлап кеткенін айтады. Сол себепті олар отбасымен түрік мамандарына жүгінуге әрекет еткен. Себебі Түркия соңғы уақытта адам мүшесін ауыстыру операцияларын өте сәтті жасап жатқан елдердің бірі.

«Дертімен күресіп жүрген сіңлім 2022 жылдың 20 қыркүйегінде дене мүшесін ауыстыруға қатысты ақпарат алу үшін Стамбұл қаласына барған. Ларисаға өте жақсы күтім керек. Оның жеке өзіне жүріп-тұру қиын болғандықтан күйеуі Сергей Ожерельев бірге барған. 2022 жылдың 24 қыркүйегінде бізге Стамбұл полициясы оларды заңсыз адам мүшесін сатумен айналысты деген күдікпен тұтқынға алынғанын айтты. Күйеуі Сергейді ешқайда шықпау туралы шартты қолхатпен босатқан, ал Ларисаны мүгедектігіне қарамастан қамауға шешім қабылдаған. Лариса ешқандай қылмыскер емес, ол 20 жылдан бері денсаулық саласында қызмет етіп келеді және оның өмір сүргісі келеді, өзінің аз ғана ғұмырын балаларды емдеуге арнады. Тіпті оған «Қазақстан республикасындағы ең үздік балалар дәрігері» деген атақ берген. Оны әріптестері бағалайды және емделіп келгендер жақсы көреді. Дәл қазір ол ауру әйел, оның қашан өліп қалатынын ешкім білмейді, ал қазір қамауда қандай жағдайда жатқанын білмейміз», – деп алаңдаушылық білдірді әпкесі.

 

Другие новости

Back to top button