Западно-Казахстанская область

«Ағамды арматура мен құбырлармен ұрып-соқты»: БҚО-да экс-полицейді өлтірді деген күдіктінің інісі болған жайды баяндап берді

26 қазанға қараған түні Ақжайық ауданы Чапаев ауылында полицияның бұрынғы қызметкеріне жанжал кезінде пышақ сұққан 51 жастағы ер адамның інісі сол кездегі оқиғаны баяндады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” сайтына сілтеме жасап.

Жанжал кезінде бұрынғы полицейдің жүрегіне пышақ сұғылып, ол орталық ауруханаға жетпей мерт болды.

Полицейлер ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі «кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Марқұм бұрын ішкі істер органдарында Ақжайық ауданында анықтаушы болып жұмыс істеген. Оның артында әке-шешесі, әпкесі, жұбайы мен екі және төрт жасар балалары қалды.

28 қазанда тергеу соты күдіктіні екі айға қамауға алуға рұқсат берді.
Естеріңізге сала кетейік, мерт болған Мирханның әпкесі Гүлфайруз Хамзина оқиғаны баяндап, отбасысы қайғыдан қан жұтып отқанын айтты. Ол күдікті кінәсін мойындаудың орнына мерт болған адамды кінәлі етіп көрсеткісі келгеніне қынжылады.

Оның айтуынша, інісі сол түні досымен моншаға барған. Олар шығып, такси күтіп тұрған сәтінде бейтаныс мас ер адам оған жақындап, тереземді қақтың ба деп сұрай бастаған. Мирхан терезені қаққан жоқпын десе де, әлгі адам ұрсыса бастаған. Содан кейін ол қолына пышақ алып келген, онымен ары-бері сілтей бастаған. Ішімдік ішкен жігітті тыныштандыруға інісінің қасында тұрған досы, досының күйеу баласы атсалысқан. Бірақ ол пышақты сермеп, қорқыта берген, сосын оларға шабуыл жасаған. Марқұм одан пышақты алмақ болған. Ол төбелесте құлап, қайта орнынан тұрып, жүрегіне пышақ сұғып алған.

“Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, ал күдіктінің адвокаты істі кісі өлтіруден өзін-өзі қорғау деп өзгертуге тырысуда”, – деп айтты ол.

Алайда күдіктінің туыстары бұл сөздерді жоққа шығарды. Қанат Ғаббасовтың інісі Бауыржан Ахметов оқиғаны басқа қырынан түсіндірді.
“Адам өлімі орын алды, өкінеміз, ағамызды ешбір жағдайда қорғамаймыз. Бірақ жағдай мүлдем басқаша болды. Өлгендер туралы жаман айтылмайды, бірақ ол пәк адам болмағанын түсіну керек. Ол бұрын анықтаушы болып жұмыс істеген, отбасылық себептермен ресми түрде жұмыстан шыққан. Бірақ бүкіл ауыл оның бопсалағаны үшін жұмыстан шығарылғанын біледі”, – деді күдіктінің бауыры.

Оның айтуынша, сол түні Қанат Ғаббасов үйінде ұйықтап жатты. Түнгі сағат бірде біреу оның терезесін қаққан. Ол аулаға шықты, қарады, ешкім болмады. Ағасы үйге кіргенде, біреу қайтадан түртеді, ол қайтадан шығып, бірнеше рет осылай жалғасты.

“Содан көрші үйдің жанында дауыстар естілгесін, сол жерге барып, үш жігітті көреді. Онда көршісі, мерт болған полицей және Айбек есімді полиция қызметкері болды. Олар да мас күйде. Марқұмның әпкесі олар моншадан шыққанын айтады, бірақ көршісінде монша жоқ. Олардың арасында жанжал туындап, төбелес басталды. Олар ағамды арматура мен құбырлармен ұрды, оның денесінде гематомалар мен ұрып-соғу іздері бар, – деді Ахметов.

Ер адам ешкім тіпті ұрып-соғу іздерін түсіре алмағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, ағасы үмітсіздіктен үйге барып, пышақ алып, біреуіне сұққан. Сондай-ақ, күдіктінің інісі Ғаббасовтың көп балалы отбасынан шығып, өмір бойы жұмыс істеуге дағдыланғанын, тек арасында ішімдік ішетіні бар екенін атап өтті. Туыстары тергеу сол іске қатысты әрбір адамның іс-әрекетіне объективті баға бергенін қалайды.

Күдікті бұрын-соңды мал ұрлығы үшін сотталды. Оның мектеп жасындағы екі ұлы бар, ол электрик болып жұмыс істеген.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі қазір тергеу жүргізіліп жатқанын және басқа да мәліметтерді жария ете алмайтынын атап өтті. Қылмыс туралы нақты мәліметтер айыптау үкіміне қол қойылған кезде және прокуратура растағаннан кейін хабарланады.

Другие новости

Back to top button