АқшаБақша (Диқан)ГосорганыҒылым және техника

Ағайынды Қоспаевтардың «бандасы» үкіметтің egov жүйесін қалай алдап соққан

Қаржы мониторинг агенттігі бірнеше үлкен бизнесті басып алған ағайында Қоспаевтарға қатысты тағы бір қылмысты анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, ағайынды Елдос, Айдос, Айбек Қоспаевтар ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, «AV-Construction» ЖШС, «Стекольный завод» ЖШС, «Шалқар 17» ЖШС, «Бахар-А» ЖШС сияқты ірі бизнестерді басып алған болатын. ҚМА бұған қатысты тергеуді аяқтап, Алматыдағы Айдос Қоспаевқа тиесілі «Никольский» базарының аумағында орналасқан жер учаскесі мен мүлкіне тыйым салған еді.

«Алайда, биыл қыркүйек айында «Азаматтарға арналған үкімет» базасына жалған ақпарат енгізу арқылы құны  2,2 млрд теңге болатын мүлік пен жер учаскесі шетелдік инвесторларға одан әрі сату мақсатында бөгде тұлғаларға қайта ресімделген», — деп хабарлайды ҚМА.

Агенттік алаяқтық үшін бұрын сотталған үш адамды анықтап, оларды қамаған. Сондай-ақ, жалған құжаттар жасап, мүлікті иеліктен шығаруға ықпал еткен сыбайластардың да кім екені белгілі.

Другие новости

Back to top button