Социум

Африкалықтар суға қуанғандай қуанды»: Тұрғындар жаңа асфальт төселгенін тойлап, көшеде мерекелік дастархан жайған

Еліміздің бір аймағында тұрғындар асфальт үшін қуанып, көшенің дәл ортасында мерекелік дастархан жайып, тойлауда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Көршілердің мәз-мейрам болған бейнежазбасы желілерде таралды. Бейнежазба авторының мәлімдеуінше, тұрғындар жаңа асфальттың құрметіне дастархан жайып, бірін-бірі құттықтап жатыр.

Айтуларынша, бұл – 30 жылдағы осы көшеде салынған алғашқы асфальт.

“Қазақстанның бір жеріде, адамдарға бақытты болу үшін көп нәрсе керек емес екен… Міне, мереке! Әкімдік қуанта алады! Африкалықтар суға қалай қуанса, олар да солай қуанып жатыр”, – делінген бейнежазба сипаттамасында.

“Тойлап болғанша асфальт опырылып қалмасын”, “Бізде де осындай қуаныш болсын”, “Бізде мұндай қуаныш тек қиыншылықпен келеді” деп жарыса жазды желідегілер.

Другие новости

Back to top button