Госорганы

АЭС салуға қажет технологияны келесі жылы таңдаймыз – Болат Ақшолақов

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет кулуарында АЭС салатын технологияның қашан таңдалатыны туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы уақытқа дейінгі сұхбаттарыңызда жыл аяғына дейін Қазақстанда атом электр стансасын салатын технологияны нақты атаймыз дегенсіздер. Шешім қашан қабылданады?» деп сұрады БАҚ өкілі.

Энергетика министрі журналистің есіне қазіргі әлемдегі жағдайды салды.

 

«Бұл жұмыс жоспар бойынша келесі жылға ысырылған. Технологияны таңдау 2023 жылы іске асады. Қазір әлемдегі жағдайды көріп отырсыздар. Сәл уақыт берсеңіздер, оның бәрімізге теріс ісері болмас үшін шешімді өте мұқият қабылдауымыз керек. Яғни, қосымша уақыт керек», — деді министр.

Другие новости

Back to top button