Госорганы

АЭС салудан қандай экономикалық пайда бар

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин АЭС салудың пайдасы жайлы сауалға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет отырысынан кейінгі брифингте БАҚ өкілдері вице-министрден АЭС салудан қандай қандай экономикалық пайда күтуге болатынын сұраған еді.

«Меніңше, ең алдымен Мемлекет басшысы айтқан референдумды өткізіп алу қажет. Референдумға орай қандай да бір шешім болады. Бірінші кезеңде қауіпсіздік маңызды деп ойлаймын. Қандай да бір жаңа технологиялар керек. Міндетті түрде Қазақстан кадрлары болуы тиіс. Осы өлшемшарттарды ескере отырып қана шешім қабылдау қажет шығар. Пайдасына келер болсақ, қандай да бір өнім шығару үшін электр энергиясы керек. Өздеріңіз де білетіндей бізде энергия тапшылығы болды. Қазір қандай да бір артылуы байқалады. Егер қосымша энергия болса, онда экономиканың дамуына қосымша мүмкіндік туындайды», — деп жауап берді Азамат Әмрин.

Сонымен қатар ол АЭС салуға қанша қаражат қажеттігіне қатысты сауалға Қаржы министрлігі жауап беретіндігін айтты.

«Менің құзіретіме кірмейді, айта алмаймын. Шығыс бөлігі – Қаржы министрлігіне. Ал референдумның өзін өткізу бөлігіне әдетте Орталық сайлау комиссиясы жауап береді», — деді вице-министр.

 

Другие новости

Back to top button