Социум

Адвокатқа кімдер тегін жүгіне алады

Әділет министрлігі мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісім нысанын бекіту туралы 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1453 бұйрыққа толықтырулар әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, адвокат Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетеді:

  • алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға;
  • сексуалдық зорлық-зомбылық, адам саудасы, терроризм актісі құрбандарына не осы мәртебеге немесе жағдайға байланысты өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша азаптауларға ұшырағандарға;
  • асыраушысының қайтыс болуынан келген залалды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға;
  • жеке тұлғаларға жұмыспен байланысты денсаулығының зақымдауышан келген не қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген залалды өтеу мәселелері бойынша жем түлғаларға;
  • кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары, жеңілдік бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген, сондай–ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, әскери қызметшілері, мерзімді қызметтің адамдарына, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, жасына байланысты зейнеткерлер болып табылатын жеке тұлғаларға; теңестірілген адамдар;

кәсіпкерлік қызметпен байланысты есем мәселелер бойынша көп балалы отбасыларға;

  • кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен аз қамтылған адамдарға (отбасыларға).

Адвокат Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен соттарда, қылмыстық қудалау органдарына, мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетеді:

  • әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғаға;
  • талап қоюшыға не және жауапкерге Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасына сәйкес талап қоюшыға;
  • күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға, жәбірленушіге;

Мемлекет кепілдік берген заң көмегі азаматқа бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

Адвокат көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беру, қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарын өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мөлшерде бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

Құжатта түсіндірілгендей, өзгеріс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнамыны жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кепілдендірілген құқықтық көмек қөрсету туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 20 маусымдағы заңына сәйкес келтіру шеңберінде енгізіледі.

 

Другие новости

Back to top button