ГлавноеГосорганы

Әділет министрлігі «Қазақстан халық конгресі» партиясының құжаттарын қабылдады

Әділет министрлігіне 2023 жылғы 31 қаңтарда «Қазақстан халық конгресі» интернационалдық демократиялық партиясын құру ниеті туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрлікке сілтеме жасап.

«Саяси партиялар туралы» Заңның 6-бабына сәйкес партия кемінде жеті жүз адамнан тұратын азаматтар тобының бастамасымен құрылады, саяси партияларды тіркеуді Әділет министрлігі жүзеге асырады.

Тіркеуші орган хабарламаны және құжаттарды алған күні ұйымдастыру комитетінің уәкілетті тұлғасына олардың ұсынылғанын растайтын құжат береді.

«Саяси партиялар туралы» Заңның 12-бабына сәйкес мемлекеттік органдарға ұсынылған тізімдердің дұрыстығын тексеру функциясы жүктелген.

Ұсынылған құжаттарды тексеру қорытындысы бойынша Әділет министрлігі сол күні «Қазақстан халық конгресі» интернационалдық демократиялық партияның құжаттарды ұсынғаны туралы растама берілді.

Сонымен қатар ұйымдастыру комитеті растама алған күннен бастап 3 айдан кешіктірмей құрылтай съезін өткізуі тиіс.

Құрылтай съезінен кейін ұйымдастыру комитеті партияға мүшелерді қабылдау бойынша жұмыс жүргізеді, олар кемінде 5 мың болуы тиіс.

Партияны тіркеуге арналған құжаттар құрылтай съезі өткізілген күннен бастап 4 айдан кешіктірілмей ұсынылуы тиіс.

2023 жылғы ақпандағы жағдай бойынша республика бойынша 7 саяси партия тіркелген:

1. «Amanat» партиясы;

2. «Ақ Жол» Қазақстан демократиялық партиясы;

3. Қазақстан Халық партиясы;

4. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;

5. «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия»;

6. Қазақстандық Жасылдар партиясы «Байтақ»;

7. «Respublica» партиясы.

Другие новости

Back to top button