Госорганы
Абай облысында тазалық талаптарын бұзуды қадағалау күшейтілді — 355 факт
Абай облысында тазалық талаптарын бұзуды қадағалау күшейтілді. Өткен аптада ауданның құқық қорғау органдары 355 құқық бұзушылықты анықтады.
Тіркелген деректердің басым бөлігі абаттандыру талаптарын сақтамауға қатысты. Толығырақ:
- 320 дерек — абаттандыру қағидаларын бұзу;
- 35 дерек — ортақ пайдаланылатын орындарды ластау.
Көшеге қоқыс тастау, белгіленген абаттандыру талаптарын елемеу және ортақ аумақтарды ластау елді мекендердің санитарлық жағдайына зиян келтіреді және тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы өмір сүруіне кедергі болады. Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы профилактикалық және бақылау жұмыстарын жалғастырып, заң талаптарын бұзғандарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қолданатын болады.



