Абайская областьВыбор редакции

Абай облысында көлік апатынан 2 адам қаза тапты

Жарақат алған бес адам ауруханаға түсті

Семей-Өскемен тас жолында ВАЗ 21102 және Toyota Camry маркалы екі автокөлік бетпе-бет соқтығысты. Соның салдарынан екі адам қаза тапты, жарақат алғандар бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Абай облысының полиция департаментінің хабарлауынша жол-көлік оқиғасы 14 қаңтарда сағат 13:30-да болған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ 21102 автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған дене жарақаттары салдарынан жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ, ВАЗ 21102 көлігінде кәмелетке толмаған үш жолаушы болған.

Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған үш жолаушы, Toyota Camry көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Іс бойынша бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады.

Другие новости

Back to top button