Абайская областьВыбор редакции

Абай облысында ерлі-зайыптылар 3 жасар немересімен бірге көшеде үсіп өлді

Қайғылы оқиға Жарма ауданының Терістаңбалы ауылында болған, деп хабарлайды Экспресс К. 

Abai news телеграм арнасының хабарлауынша, егде жастағы ерлік-зайыптылар немересімен бірге көрші ауылға қонаққа барған. Сосын түнде үйлеріне қайту үшін жолай кетіп бара жатқан көлікке отырыпты. Не себепті екені белгісіз, олар ауылға 1 шақырымдай қалған кезде көліктен түсіп қалып, жаяу тартқан.

Таңертең денелері табылғанда апасы ауылдан 50 метр жерде жатты. Атасы мен немересі 100 метр жерден табылды. Қазір туыстары олар мінген автокөліктің иесін іздеп жатыр. Қатты аязда жүргізуші оларды не үшін жолдан түсіріп кеткенін анықтау керек,

— дейді марқұмдардың туысы.

Жарма аудандық полиция бөлімі қайғылы оқиғаны растапты. Бірер күн бұрын марқұмдардың денесі жер қойнына тапсырылған.

Другие новости

Back to top button