Главное

Абай облысында балалар үйінің басшылығы 6 миллион теңге жымқырды деп айыпталды

Бас прокуратура Абай облысының Үржар ауданындағы Науалы балалар үйінің басшылығы 6 миллион теңге жымқырғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Ведомство мәліметінше балалар үйінің директоры мен бас бухгалтері өздеріне жоғары жалақы төлеп, жоғары сыйлықақылар мен іссапар шығындарын алып келген. Ақша жымқыру дерегі штат кестесі мен қазынашылық есептерді салыстыру барысында анықталып отыр.

“Сонымен қатар «Өлі жандар»деп аталатын жұмыс істемейтін адамдарға жалақы төленді. Балалар үйі басшылығының заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке залал келтірілді. Осы факті бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігінің 2, 3-тармақтары (Қызмет бабын пайдалана отырып сеніп тапсырған бөтеннің мүлкін иемдену және талан-таражға салу) бойынша қылмыстық іс қозғады. Істі сотқа дейінгі тергеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырылды”, – делінген ақпаратта.

Бұл бапқа сәйкес белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.Щ

Другие новости

Back to top button