Культура

Абай Бегей жетінші ұлын перзентханадан дүркіретіп шығарып алды

Белгілі әнші Абай Бегей ұлы мен әйелін перзентханадан шығарып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Өнер иесі шекесі торсықтай ұл сыйлаған жұбайына әдемі гүл шоқтарын табыстап, Ибраһим есімді ұлын перзентханадан алып шықты. Әншінің жары Фариза әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышымен бөлісіп, бейнежазба жариялады.

Абай Бегейдің үлкен қызынын басқасы қуаныштың басы-қасында болды. Әншінің үлкен қызы Ерке кенже бауырын шығарып алуға келе алмауының себебін түсіндірді. Айтуынша, үйдің үлкен өз қызының туған күніне дайындалып, қарбалас жұмыстарымен жүрген. Сол себепті қара шаңырақтағы қуанышқа ортақтаса алмаған көрінеді.

Бұған дейін Абай Бегейдің жетінші сәбиі дүниеге келгені жайлы жазған болатынбыз.

Другие новости

Back to top button