Культура
55 жастағы қазақ актрисасы әріптесімен сүйісіп, желіні шулатты

Әлеуметтік желіде Гүлнар Байбосынованың даулы видеосы жарияланды. Кадрда 55 жастағы актриса әріптесімен жақындасып, сүйіскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Видеодан екі ғашықтың бір-біріне ынтықтығын, құштарлығын анық байқауға болады. Ал Байбосынованың кадрдағы жұбы — актер Ринат Дошибеков. Қос актер отандық картинада ғашықтардың рөлін сомдаған.
Желі қолданушылары екеуінің махаббатына шынайы сенгенін, фильмді асыға күтетіндерін айтты.