ГлавноеКостанайская область

Қостанай облысындағы өрт: Орман шаруашылығының басшысы қамауға алынды

Ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

Қостанай облысында Орман шаруашылығының басшысы қамауға алынды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

«Қостанай облысының прокуратурасымен осы жылдың 13 қыркүйегінде «Басаман орман шаруашылығы мекемесі» КММ-нің басшылығына қатысты ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы)», — делінген хабарламада.

Сол күні мекеме басшысы Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

15 қыркүйекте сотпен мекеме басшысына қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.

Тергеу жалғасуда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

Другие новости

Back to top button