Костанайская область

Қостанай облысында полиция бөлімі басшыларының ұсталғаны хабарланды

Аталған дерекке қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері пікір білдірді

Қостанай облысына қарасты Денисов аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ербол Шошақов пен тағы екі полиция қызметкері, оның ішінде, жергілікті полиция қызметінің басшысы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен Денисов ауданында үш бірдей полиция қызметкері ұсталды. Аудандық ішкі істер басқармасының бастығы Ербол Шошақовпен бірге жергілікті полиция қызметінің басшысы және осы бөлімнің тағы бір қызметкері түсініктеме беріп жатыр», — делінген жергілікті ТоболИнфо порталының мәліметінше.

Қостанай облыстық полиция департаменті аталған дерекке қатысты түсінік беруден бас тартқан. Осы орайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері пікір білдірген.

«Мәселе 3 миллион теңге туралы болып отыр. Полицейлер «Приреченское» ЖШС-інен көліктері «еш қиындықсыз жүріп-тұруы» үшін дәл осы сомада пара алғысы келген. Жергілікті полиция қызметінің басшысына қатысты үйқамаққа алу санкциясы салынды. Ал аудандық ішкі істер бөлімінің басшысына қатысты бұлтартпау шарасы әлі таңдалған жоқ», — делінген хабарламада.

 

Другие новости

Back to top button