Жастар Қазақстан брендіне жаңа мағына береді

2026 жылғы 24 сәуірде PR-shy клубы ұйымдастыруымен өтетін «Сиреневый PRорыв – 2026» халықаралық студенттік конференциясы аясында «Елдік PR: Қазақстан имиджі» бейнежобалар фестивалі өтеді.
Бұл бастама – студенттік байқау ғана емес. Бұл – Қазақстанның заманауи бейнесін қалыптастыруға бағытталған кәсіби алаң. Фестиваль болашақ коммуникация мамандарына ұлттық брендті жаңа көзқараспен пайымдап, оны заманауи визуалды және цифрлық форматта ұсынуға мүмкіндік береді.
Биыл жоба пәнаралық форматта өтеді. Оған «Қоғаммен байланыс», «Журналистика», «Маркетинг», «Халықаралық қатынастар», «Туризм» және «Менеджмент» бағыттары бойынша білім алып жатқан қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының студенттері қатысады. Қатысушыларға бір минуттық бейнеролик форматында Қазақстанның ел ішіндегі және халықаралық деңгейдегі позициясын қалай көретінін, оның даму бағыты мен болашақтағы бейнесін өз көзқарасы тұрғысынан ұсыну міндеті жүктеледі.
Яғни, бейнероликте Қазақстанның ішкі әлеуеті, ұлттық құндылықтары, экономикалық, мәдени және әлеуметтік ерекшеліктері, сондай-ақ әлемдік аренадағы орны, беделі мен стратегиялық рөлі айқын әрі мазмұнды түрде көрсетілуі тиіс.
Жаһандық деңгейде елдер инвестиция, туристік ағын, адами капитал және халықаралық назар үшін бәсекеге түсіп отырған кезеңде елдік PR мемлекеттің стратегиялық дамуының маңызды факторына айналуда. Имидж – тек ақпараттық құрал емес, ол экономикалық және репутациялық капитал.
«Тұрақты әрі бәсекеге қабілетті ұлттық бейнені қалыптастыру – тек мемлекеттік институттардың емес, кәсіби коммуникация қауымдастығының да ортақ жауапкершілігі. “Елдік PR: Қазақстан имиджі” байқауы болашақ мамандарға ұлттық брендті жаңа визуалды және цифрлық тілде дамытуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Наталья Еськова, PR-shy клубының президенті.
Байқау бағыттары:
– Сыртқы PR – Қазақстанды шетелдік аудиторияға таныту;
– Ішкі PR – «Қазақстан – менің Отаным».
2026 жылдың ерекшелігі — биылғы жобалардың басты назары жасанды интеллект технологияларын саналы әрі мазмұнды қолдануға арналады. Арнайы номинациялар аясында AI құралдарын пайдаланған жұмыстар да, дәстүрлі бейнетүсірілім тәсілдерімен орындалған жобалар да тең дәрежеде бағаланады
Үздік жұмыстар сараптамалық іріктеуден өтіп, кәсіби қазылар алқасына ұсынылады. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, Алматы қаласында өтетін Халықаралық PR-форум – 2026 аясында өз жобаларын кәсіби аудиторияға таныстыру мүмкіндігіне ие болады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба жастардың стратегиялық ойлау қабілетін дамытуға, креативті әлеуетін ашуға және Қазақстанды ашық, инновациялық әрі тұрақты дамушы мемлекет ретінде ілгерілетуге бағытталған.
Өтінімдер 2026 жылғы 15 наурыз бен 15 сәуір аралығында қабылданады.
Қосымша ақпарат конференцияның ресми ресурстарында жарияланады:
https://t.me/pr_student_conference
https://www.instagram.com/prclub.kz
https://www.instagram.com/pr_student_conference
https://www.facebook.com/prstudentconference/
Анықтама
«Сиреневый PRорыв» халықаралық студенттік конференциясы 20 жылдан астам уақыт бойы PR-shy клубы бастамасымен өткізіліп келеді. Осы кезең ішінде жоба коммуникация саласындағы болашақ мамандар үшін кәсіби өсу алаңына айналды. Екі онжылдықта 2000-нан астам студент қатысып, 250-ден астам жоба сараптамалық комиссия іріктеуінен өтіп, кәсіби қазылар алқасына ұсынылды. Конференция стратегиялық коммуникациялар саласына қызығушылық танытатын жастарды біріктіріп, олардың кәсіби деңгейін арттыруға және сала үшін кадрлық резерв қалыптастыруға ықпал етеді.
Қазақстандық PR мамандарының PR-shy клубы – қоғаммен байланыс және коммуникациялар саласындағы бейресми кәсіби бірлестік. Клуб 25 жыл ішінде сала өкілдері арасындағы диалог пен тәжірибе алмасудың маңызды платформасына айналды. Клубтың миссиясы – Қазақстандағы PR және стратегиялық коммуникациялар саласында кәсіби стандарттарды арттыру және үздік тәжірибелерді біріктіретін орта қалыптастыру.
Байланысу үшін:
+77071234189, Екатерина


