Canon креативті кәсіпқойларға арналған ықшам және икемді жаңа EOS C50 камерасын ұсынумен кинокамералар қатарын кеңейтеді

Canon Europe жаңа EOS C50 – кәсіби видеографтар мен динамикалық түсіру топтарына арналған RF бекітпесі бар әмбебап толық кадрлы гибридті EOS кинокамерасын шығарды.
Бүгінгі таңда Cinema EOS өнімдері арасындағы ең ықшам камера ретінде EOS C50 жылдам түсірілімдерден бастап ауқымды өндірістерге дейін алуан түрлі жағдай үшін аса қолайлы. Дегенмен, оның ықшам дизайнына бай кәсіби әлеует жасырынған.
EOS C50 бірегей конструкциясының негізінде жаңа толық кадрлы 7K CMOS сенсоры жатыр, ол жетілдірілген DIGIC DV 7 процессорымен бірге бейне үшін де, фотосуреттер үшін де керемет кескін сапасын, соның ішінде 7K 60P дейінгі ішкі RAW форматында бейне жазбасын, 4K 120P / 2K 180P дейінгі жоғары кадр жиілігімен жазуды және 32 МП жоғары ажыратымдылықта егжей-тегжейлі фотосуреттер түсіруді қамтамасыз етеді.
EOS C50 — барынша ажыратымдылық пен икемділік үшін бүкіл сенсор аймағын пайдаланатын, ашық тұрған ысырмамен жазу функциясы бар алғашқы EOS кинокамерасы. Жаңа 3:2 толық кадр режимінің көмегімен сенсордың толық ені мен биіктігі бойымен түсіру[i] толық кадрлы объективтердің бүкіл кескін шеңберін пайдаланатын ірірек кескінмен қамтамасыз етеді. Ашық ысырмамен жазу кинематографистерге пост-өндірісте көбірек икемділік беріп, бір материалдан алынған көлденең және тік бейнелерді еркін өңдеуге мүмкіндік береді, қайта кадрлеуге көп мүмкіндік ашады. Анаморфты объективтермен жұптастырылған кезде камера анағұрлым кең кинематографиялық иммерсивті әсері бар ұзынырақ кескін қалыптастырады.
Қысқа мерзім ішінде жұмыс істейтін видеографтар үшін EOS C50 камерасының бір уақытта жазбаны кадрлеу (Simultaneous Crop Recording) функциясы бір мезетте толық кадрлы кескінді және кадрленген тік немесе шаршы нұсқасын түсіруге мүмкіндік береді, олар әлеуметтік желілер мен жарнама үшін өте қолайлы. Кадрленген аумақты оңтайлы жақтау үшін көлденең жылжытуға және тиісті талаптарға сай басқа форматта жазуға болады.
Бейне мен фотосуреттер үшін жоғары ажыратымдылықты гибридті мүмкіндіктермен біріктіру
EOS C50 — 7K форматында бейне мен 32 МП ажыратымдылықта сурет түсірудің озық мүмкіндіктерін біріктіретін нағыз гибридті камера. Бейне немесе фотосурет түсіріліміне қарай дисплей оңтайландырылады, бейнетүсірілім үшін әдеттегі Cinema EOS интерфейсі, ал фототүсірілім үшін классикалық Canon EOS R мәзір жүйесі қолданылады.
Видеографтар мен фотографтар нысанды жоғары жылдамдықпен және дәл анықтауды және бақылауды қамтамасыз ететін Canon Dual Pixel CMOS AF II жүйесінің артықшылықтарын барынша пайдалана алады. Дәлдік адамдардың, иттердің, мысықтардың және құстардың көзін басымдық ретінде таңдауды, сонымен қатар нысанға сай автофокус жылдамдығы мен бақылауды баптау үшін қосымша функцияларды пайдалануға мүмкіндік береді.
Динамикалық түсірілімге бейімделетін бірегей және әмбебап дизайн
Мейлінше икемді етіп жасалған EOS C50 камерасының жеңіл, модульдік конструкциясы қолмен ұстап тұрып немесе тірекке асып қойып түсіру кезінде түйсік деңгейінде түсінікті басқаруды қамтамасыз етеді. Сызықтық, төмен профильді корпусының және керек-жарақтарды орнатуға арналған бірнеше нүктесінің арқасында камера заманауи бекіту жүйелеріне оңай кіріктіріледі. Камераны көлденең немесе тігінен орнатуға болады, ал дисплей мен мәзір баптаулары тік бағдарға автоматты түрде бейімделеді.
EOS C50 алынбалы тұтқасы жақсартылған бақылау және жайлылық береді. Оның екі толық өлшемді 3 түйіспелі XLR аудио ұяшығы және кәсіби сапалы дыбыс жазуға арналған басқару дискілері, сондай-ақ жылдам түсіру кезінде бейнекамерадағыдай ыңғайлы басқару үшін жазу (REC) түймесі және ықтырмалы зум қосқышы бар.
RF объективтерінің кең ауқымын қолдауға қоса EOS C50 камерасына EF/PL объективтерін камера корпусына сенімді бекітілетін қосымша Canon PL-RF бекітпе адаптерінің көмегімен, сондай-ақ бірқатар Canon EF-EOS R бекітпе адаптерлерінің көмегімен орнатуға болады.
Әртүрлі жұмыс үрдістері үшін ыңғайлы қосылым жолдары
Қосылым мүмкіндіктерінің кең ауқымы EOS C50 заманауи кәсіби түсірілім талаптарына жауап беретініне кепіл бола алады. XLR ұяшықтарына қоса камерада микрофон қосатын ұяшық, тайм-код терминалы, HDMI (Type-A) және USB (Type-C) ұяшығы бар. CFexpress және SD карталарына арналған екі слот бір уақытта жазудың әртүрлі жолдарын, соынң ішінде әртүрлі файл форматтарын, ажыратымдылықты және прокси-файлдардың баптауларын қамтамасыз етеді.
EOS C50 бір USB сымы арқылы 60P/50P жиілігіне дейін жоғары ажыратымдылықтағы бейне ағынын тасымалдау үшін UVC/UAC, сондай-ақ Canon RC-IP1000 қашықтан басқару құралы сияқты үйлесімді смартфон қолданбалары немесе керек-жарақтары арқылы камераны қашықтан басқаруға арналған XC протоколын қолдайды. Бейнеклиптер мен фотосуреттерді Canon Content Transfer Professional (CTP) қолданбасының[ii] көмегімен Wi-Fi немесе USB[iii] арқылы клиенттермен нақты уақытта бөлісуге болады.
Canon және Adobe ынтымақтастығы EOS C50 камерасын да қамтып, оны Frame.io камераны бұлтқа қосу (Camera to Cloud) функциясымен үйлесімді етті. EOS C400 және EOS C80 сияқты, мұндай үйлесімділік прокси файлдарды камерадан тікелей Frame.io платформасына жіберуге мүмкіндік береді, сөйтіп өндірістен бастап постөңдеуге дейін үздіксіз және сенімді жұмысты қамтамасыз етеді.
Интернетке сенімді қосылу мүмкіндігінің, икемді конструкциясының және қуатты толық кадрлы мүмкіндіктерінің арқасында EOS C50 ықшам кинокамералар үшін жаңа стандарт белгілейді. EOS R5 C жетістіктеріне сүйене отырып, ол бейне үшін де, фотосурет үшін де ымырасыз кескін сапасын қамтамасыз етеді.
Canon сонымен қатар биыл қолданыстағы Cinema EOS камералары үшін маңызды бірқатар тегін жасақтама жаңартпалары шығатынын қуана хабарлайды. Оларға EOS C400 моделі үшін 6000×4000 ажыратымдылықта Open Gate 3:2 RAW форматында жазу, EOS C80 моделі үшін ойнату кезінде View Assist функциясы, сонымен қатар екі камера үшін, сондай-ақ EOS R5 C және EOS C70 модельдері үшін фокусты жарықтандыру сияқты негізгі функцияларды жетілдіру кіреді.
EOS C50 негізгі сипаттамалары:
- Гибридті жоғары ажыратымдылық мүмкіндіктері: 7K 60p RAW форматында ішкі бейне жазбасы, 32 МП ажыратымдылытағы фотосуреттер
- Ашық ысырмадамен бейне жазу функциясы бар жетілдірілген 7K толық кадрлы CMOS-матрица
- Ажыратымдылығы жоғары 4K фильмдер үшін 7K қайта дискреттеу
- 15+ сатыға дейін динамикалық диапазоны бар қосарлы негізгі ISO қолдау (ISO 800/6400[iv])
- Кәсіби жазу форматтарының икемді ауқымы, соның ішінде 12-биттік Cinema RAW Light, Canon Log 2, Canon Log 3 және XF-AVC S/XF-HEVC S
- Алынбалы тұтқасы және кең жабдықтау мүмкіндіктері бар әмбебап, ықшам конструкция
- EF/PL объективтеріне арналған бекітпе адаптерімен үйлесімді өз RF бекітпесі
- Екі XLR аудио кірісі, тайм-код терминалы, HDMI (А түрі), USB (C түрі) ұяшығы, көп функциялы ұяшық
- CFexpress және SD карталарына арналған екі слот, әр картаға бір уақытта әртүрлі форматтарды жазуға мүмкіндік береді.
Жаңа EOS C50 камерасы туралы қосымша ақпаратты мына жерден табуға болады: https://www.canon-kz.com/video-cameras/eos-c50/specifications/
[i] Тек Cinema RAW Light / XF HEVC S форматында жазуға қолдау көрсетіледі.
[ii] Тек MP4, JPEG, WAV және XML (NewsML-G2) файлдарын тасымалдауға болады.
[iii] Сымды қосылымдарға арналған USB кабельдері туралы толық ақпаратты Content Transfer Professional пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
[iv] Canon Log 2/Canon Log 3/RAW форматында жазу үшін