Главное
«Әр өңірден Бекет атаға зиярат етуге бара жатқан»: Маңғыстаудағы жол апатынан қаза тапқандардың аты-жөні жарияланды

Кеше, 11 қыркүйек күні Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Сенек елді мекенінен 90 шақырым жерде орын алған жол апатынан қаза тапқандардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаза тапқан он адамның жетеуінің аты-жөні анықталды. Үш адамның жеке басына қатысты мәлімет тексеріліп жатыр.
Жол апатынан қаза тапқандар тізімі:
- Сатбалдыева Рахима Сардаровна, 02.03.1960 жылы Түркменстан Республикасында туған Қазақстан Республикасының азаматшасы, тұрмыста, Жаңаөзен қаласының тұрғыны;
- Аманжолова Гүлсим Косаевна, 25.08.1969 жылы Түркменстан Республикасында туған Қазақстан Республикасының азаматшасы, тұрмыста, Жаңаөзен қаласының тұрғыны;
- Джимбаева Агорн, 15.12.1958 жылы Түркменстан Республикасында туған, Қазақстан Республикасының азаматшасы, тұрмыста, Жаңаөзен қаласының тұрғыны;
- Оразбаева Ғалия Кайнуллиновна, 04.07.1989 жылы Ақмола облысында туған, Қазақстан Республикасының азаматшасы, тұрмыста, Астана қаласының тұрғыны;
- Измайлова Сауле Әбілқасенқызы, 14.11.1968 жылы Қарағанды облысында туған, Қазақстан Республикасының азаматшасы, Қарағанды қаласының тұрғыны;
- Виденская Лариса Александровна, 10.12.1969 жылы Ресей Федерациясында туған, Қазақстан Республикасының азаматшасы, Қарағанды қаласының тұрғыны;
- Вострецова Наталья Николаевна, 26.06.1974 жылы Қарағанды облысында туған, Қазақстан Республикасының азаматшасы, Теміртау қаласының тұрғыны;
Айтып өткеніміздей, қаза тапқан тағы үш адамның жеке басы анықталып жатыр. Аман қалған екі жолаушы Қарағанды қаласының тұрғыны. Жүргізуші Жаңаөзен қаласының тұрғыны.