Главное
Торғай аймағының дамуы үкіметтің айрықша назарында болу керек – Тоқаев

Бүгін «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын арнаған президент Торғай өңірінің дамуына назар аударды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Аймақтардың дамуында авиация инфрақұрылымы маңызды рөл атқаратынын айтқан президент әуежайы жаңарған бірқатар қалаларды атады.
«Былтыр Алматы, Шымкент, Қызылорда қалаларында жаңа терминалдар ашылды. Жақында Зайсан мен Қатон-Қарағайдағы әуежайдың құрылысы аяқталады. Арқалық әуежайы қалпына келіп жатыр. Бұл жобалар аймақтың экономикалық белсенділігін арттыруға ықпал етеді.
Сондай-ақ, басқа да бірқатар саланың дамуына серпін береді. Сондықтан, бұл жұмыс өз жалғасын табады. Жалпы, Торғай аймағының әлеуметтік-экномикалық дамуы үкіметтің айрықша назарында болу керек», — деді Тоқаев.