Главное
Тоқаев депутаттарға жыл соңына дейін Құрылыс кодексін қабылдауды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында құрылыс саласында жасанды интеллектіні пайдалану маңыздылығын айта отыра Құрылыс кодексін әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жолдауда президент құрылыстың сапасын арттыру үшін жасанды интеллектіні пайдалану арқылы ғимараттың ақпараттық модельдеуін жоспарлау керек дейді.
«Үкімет құрылыстың барлық санатына мониторинг жүргізетін ұлттық цифрлық платформаны іске қосуы керек. Құрылыс саласының қауіпсіз, тұрақты әрі ашық болуын Құрылыс кодексі қамтамасыз етуі керек. Құжатты жыл соңына дейін қабылдау керек. Депутаттар осы мәселемен айналысса екен», — деді Тоқаев.