Жоғары инфляция халықтың табысын «жеп қойып» жатыр – президент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияны төмендету үшін Үкімет пен Ұлттық банкке бір команда болып жұмыс істеуді тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, қолайлы инвестициялық ахуал үшін маңызды мәселе – макроэкономикалық тұрақтылық.
«Бірақ қазір басты проблема – жоғары инфляция, ол экономикалық көрсеткіштер өсімі мен халықтың табысын «жеп қойып» жатыр. Осы мәселені шешудің дайын шешімі жоқ. Қазір бұл проблемамен көптеген ел бетпе бет келіп отыр. Бірақ біздің жағдайымызда ол ерекше өткір сипатқа ие болып отыр. Бізге осы макроэкономикалық тығырықтан шығу керек. Жетекші әлемдік тәжірибені ескеріп, қиындықтарды еңсеріп, танымал емес шешімдер үшін жауапкершілік алуға дайын болуымыз керек», — деді Тоқаев ел халқына Жолдауында.
Президент жағдайдың қиын екенін ескеріп, Үкімет пен Ұлттық банкке бір команда ретінде жұмыс істеуді тапсырды. Олардың алдында жалпы мемлекеттік сипаттағы міндеттер тұр.