Костанайская область

Қостанай облысындағы өрттің салдары туралы фильм жарыққа шықты

Облыстық ТЖД дайындаған фильм Әулиекөлдегі өрттен зардап шеккен тұрғындарға арналады

Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы өрттің салдары туралы шағын фильм жарыққа шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Туындыны облыстық Төтенше жағдайлар департаменті дайындаған.

Айта кетсек, еліміздің солтүстігінде орналасқан өңір – Қостанай облысы соңғы бес күн ішінде ірі орман өрттерінен қатты зардап шекті.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт 2 қыркүйекте басталған. Бес күн кемінде 91 тұрғын үй (85 Аманқарағай ауылында және 6 Озерный ауылында) өртенді. 1935 жылы туған 86 жастағы қария қаза тапты. 12 адам (7 тұрғын: кәмелеттік жасқа толмаған бір адам, орман шаруашылығының 1 қызметкері, әкімдіктің 1 қызметкері, ТЖМ 3 қызметкері) жеңіл және орташа ауырлықтағы жарақат алып, улану белгілерімен ауруханаға жеткізілді.

Өрт басталғалы бері барлығы 2091 адам эвакуацияланды (3 қыркүйекте Аманқарағай, Озерное және Лесное ауылдарынан- 1841 адам, 5 қыркүйекте Бағаналы ауылынан Қазанбасы ауылына — 250 адам).

Әулиекөл орта мектебінің (21 адам), Әулиекөл мектеп-интернатының (1 адам), Қазанбасы орта мектебінің (20 адам) эвакуациялау пунктінде 42 адам, оның ішінде 14 бала бар. Эвакуцияланғандардың негізгі бөлігі өз үйлеріне оралды, қалғандары туыстарының үйіне орналасқан.

 

ҚР ТЖМ жедел штабы 4 қыркүйекте өрт аумағы 43 мың гектардан асқанын хабарлады. Құтқарушылар өртті сөндіруді аптап ыстық (36 градусқа дейін) және желдің екпіні 28 м/с дейін қиындағанын мәлімдеді.

Табиғи апат салдарынан республикалық маңызы бар Қостанай – Әулиекөл – Астана жолы бірнеше сағатқа жабылды. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің жеке құрамының 900 адамы, 91 техникасы, үш өрт сөндіру ұшағы, бес өрт сөндіру пойызы және су төгетін құбырлары бар екі тікұшақ жұмылдырылды. Өртті сөндіруге әскерилер де жұмылдырды: Қостанай облысына жергілікті аумақтық қорғаныс бригадасының 121 десанты мен 45 әскери қызметкері келді. Өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Әулиекөл ауданының эвакопунктінде психологтар  124 адамға шұғыл консультативтік көмек көрсетті.

Айта кетерлігі, өрттің шығу себебі әлі белгісіз күйінде қалып отыр. Құтқарушылар отқа салғырт қарау немесе қасақана өрт қою факторларын жоққа шығармайтынын айтты. Қазақстанның Бас прокуратурасы отты абайсыз қолдану, орманды қасақана жою және өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу деген үш бап бойынша тергеу жұмыстарын бастап кетті.

 

4 қыркүйекте Қостанай облысының әкімдігі өңірде жергілікті төтенше жағдай режимін енгізсе, дүйсенбі, 5 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге арнайы келді. Ол Әулиекөл ауданындағы өртке оранған аумақтарды тікұшақпен аралап, жедел штаб отырысын өткізді, ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің есептерін тыңдады, сондай-ақ жергілікті билікке зардап шеккен азаматтарға төлемдер мен өтемақы төлеуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Қостанай облысының басшысы Мемлекет басшысының сапарынан кейін зардап шеккендер өртенген баспансыа үшін өтемақы ала алатынын немесе жаңа үйге қол жеткізетінін айтты.

«Үйлердің құрылысы қысқа мерзімде жүзеге асырылады. Бүгінде 108 ғимарат зақымданған, оның ішінде 98 үй толығымен жанып кеткен», — деді әкімдік өкілдері.

Табиғат қорғаушылар Қостанай облысында орманның жартысынан астамы өртеніп кеткенін және оны қалпына келтіруге кемінде ондаған жылдар немесе бір ғасыр қажет екенін атап өтті.

 

Другие новости

Back to top button