Главное
Шымкентте жоғалып кеткен жас келіншектің мәйіті табылды — күдікті қолға түсті

Шымкентте жоғалып кеткен жас әйелдің өлі денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Lider.kz волонтерлері мәлім етті. 26 жастағы Дияна Оңғарбаева 21 шілдеде үйден шығып кетіп, қайта оралмаған.
Полиция адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
«Полиция жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Қазір аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барлық мән-жайды анықтауға бағытталған», — делінген хабарламада.