Қазақстандықтар бизнес-класс билеттеріне 6 млн теңгеге жуық қаражат жұмсайды

Бағалар мен сұраныс қалай өзгерді
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында бизнес-класс билеттерінің орташа бағасы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен 200 долларға төмендеді. Ең көп арзандаған бағыттар:
- Анталья – 42,5%-ға, 1100-ден 635-ке дейін;
- Пхукет – 21,5%-ға, 1800-ден1400-ге дейін;
- Баку – 6%-ға, 594-тен558-ге дейін.
Ал Дубайға бизнес-класс билеттері 5%-ға қымбаттап, 1400 долларға жетті.
Бизнес-класс билеттеріне деген сұраныс бір жылда 17%-ға төмендеді.
Қазақстандықтар көбіне бизнес-класпен қайда ұшады
Қазақстандықтар бизнес-класпен ең жиі ұшатын бағыт – Мәскеу. Ресей астанасы 2024 жылдан бері көш бастап тұр. Екінші орында – Ташкент, үшінші орында – Дубай.
Бұл қалаларға, негізінен, іскерлік сапарлармен, демалыс мақсатында және жақын туыстарына бару үшін ұшады.
Айта кетейік қазақстандықтардың басым бөлігі ішкі әуе рейстерінің билеттеріне 15 мың теңге төлеуге дайын. Ал 15-20 мың теңгелік билеттерді қалтасы көтеретіндердің қатары 3,4%-ды құрайды. Тек 11,2%-ы билетке 30 мың теңгеден жоғары шығын шығаруға қарсы емес.
Дереккөз: https://kz.kursiv.media