Главное

Сот Руслан Берденовті атқан Ернар Жиенбайды түсіруге тыйым салды

Шымкент қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандыққа қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Істі судья Абинұр Карабаев жүргізуде. Сот процесі мемлекеттік тілде және ашық форматта өтуде. Алайда судья айыпталушы Ернар Жиенбайды фото-видеоға түсіруге тыйым салды.

Айта кетейік, Руслан Берденовтің өзі сотқа қатысып жатқан жоқ.

ҚАНДАЙ АЙЫП ТАҒЫЛДЫ

Еске салсақ, Ернар Жиенбай ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі (“Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу”) және 99-бабы 1-бөлігі (“Адам өлтіру”) бойынша айыпталып отыр.

Оқиға 2024 жылдың көктемінде орын алған. Ернар Жиенбай Шымкент әкімдігі ғимаратының алдында Руслан Берденовке оқ атқан. Күдікті бұл әрекетін «әйеліме тиісті» деген уәжбен түсіндірген. Алайда кейін Жиенбайдың әйелі бұл нұсқаны жоққа шығарған болатын.

СҰХБАТ

Айта кетейік, Руслан Берденов бұған дейін Ulysmedia.kz порталына эксклюзивті сұхбат беріп, өзінің мемлекеттік қызметтегі жолы мен саяси амбициясы туралы ашық айтқан еді.

Другие новости

Back to top button