Главное

Биыл 1 қыркүйек күні алғашқы қоңырау соғылмай қала ма – министр жауап берді

Биыл, 2025 жылдың бірінші қыркүйегі дүйсенбіге тұспа-тұс келіп тұр. Алайда, Конституция күніне байланысты қазақстандықтар 30,31 тамыз және 1 қыркүйек күндері қатарынан үш күн демалады. Бүгін үкіметтегі брифинг кезінде оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 1 қыркүйек күні бірінші сынып оқушылары үшін ғана алғашқы қоңырау соғылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Оның айтуынша, кейде бірінші қыркүйек демалыс күндеріне түсетіні белгілі. Сондай жағдайларда еліміздің педагогикалық кеңесі жиналып, шешім қабылдайды.

«Педагогикалық кеңесте сабақ ресми түрде екінші қыркүйектен басталады деген шешім қабылданып отыр. Бірақ, бірінші сыныпқа қатысты символдық сәт болғандықтан, бірінші сынып оқушылары үшін 1 қыркүйекте алғашқы қоңырау соғуға рұқсат бердік», — деп мәлім етті Бейсембаев.

1 Қыркүйекті бірінші сынып үшін өткізеді. Негізгі ресми оқу ждылының 2 қыркүйектен басталатынын айтып кетейін.

Другие новости

Back to top button