Нур-Султан
«Тең жартысы дайын»: Астанадағы LRT-ға қатысты жақсы жаңалық тарады

Астанадағы LRT депосының құрылысы 50 пайызға аяқталған. Бұл туралы CTS компаниясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, депоның ішінде кешенді орталық болады.
«Депо – пойыздарды дұрыс пайдаланып, оларды жөндеп, сақтайтын негізгі инфрақұрылым болмақ. Бүгінде нысан 50% дайын», — деп хабарлады баспасөз қызметі.
Осы ретте компания деподағы құрылыстың видеосын таратып, оның жан-жағын көрсеткен. Депо 18 станцияның, соның ішінде жеңіл пойыздардың дұрыс жұмысын қамтамасыз етпек.