Главное

Алматыдағы «Бағанашыл» балалар үйі көшірілмейді – президент нақты тапсырма берді

Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Алматыдағы балалар үйіне қатысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаев қаласына көшіруге байланысты жағдаймен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға оқушылардың оңтүстік астанада білім алуын жалғастыру үшін балалар үйіне жөндеу жұмысын жүргізуді және аталған нысанды қаланың балансына алуды тапсырды», – деп жазды Руслан Желдібай.

Оның айтуынша, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балалар үйі көшірілмейді.

«Аталған жағдайға байланысты Президент Әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізеді.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заң шеңберіндегі барлық құқығы толық сақталады», – дейді президенттің баспасөз хатшысы.

Другие новости

Back to top button