Главное

Әзербайжан Путинге тағы бір «соққы» жасады

Әзербайжан үкіметі премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Еюбов Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) Экономикалық кеңесі отырысына қатысу үшін Мәскеуге бармайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Trend басылымының мәліметінше, бұл туралы «хабардар дереккөзге» сілтеме жасалған. Оның айтуынша, Баку ТМД елдерінің экономикалық ынтымақтастығына жауапты органның жұмысына қатысудан Мәскеумен шиеленіскен қарым-қатынасына байланысты бас тартқан.

– Мұндай шешім қабылдауға соңғы уақытта Екатеринбургте орын алған оқиғалар, былтырғы жылдың соңында ресейліктер атып түсірген AZAL ұшағы және Ресей тарапынан бұл мәселелерді шешу үшін лайықты қадамдардың болмауы себеп болды, – дейді дереккөз.

КОНТЕКСТ

Соңғы бір жыл ішінде Ресей мен Әзербайжан арасындағы қарым-қатынаста екі кезеңдік шиеленіс болды. 2024 жылдың желтоқсан айының соңында Қазақстан аумағында Әзербайжанның AZAL азаматтық әуе компаниясына тиесілі ұшақ құлады. Алдын ала дерек бойынша, оны Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі атып түсірген. 2025 жылдың маусымында Екатеринбургте Әзербайжан диаспорасының өкілдері ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Олардың екеуі қаза тапты. Бұған жауап ретінде Баку қаласында «Sputnik-Әзербайжан» агенттігінің қызметкерлері мен бірнеше ресейлік IT-маман қамауға алынды.

Другие новости

Back to top button