«Оның туыстары отбасымызды бұзды»: Карина Мамаш экс-күйеуінің сотталғанына қатысты пікір айтты

Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісінің кеңесшісі болған, 6 жылға сотталған Сәкен Мамаштың бұрынғы жұбайы Карина Мамаш сот отырысынан кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Менің анам мен әпкем біздің отбасымызды бұзды деген көп сөз тарады. Шын мәнінде, оның туыстары біздің отбасымызға әсер етті. Біз заңды некеде болған кезде ол тек туыстарын ғана тыңдады», — дейді Карина Мамаш.
Ол осыған дейін күйеуі тарапынан айтылған үлде мен бүлдеге оранды деген сөздерді жоққа шығарды.
«Ол менде үш қатар гауһар тастан құралған әшекей бар деді. Бірақ менде тек үш қатардан тұратын көгерген жерлер ғана болды», — деді Мамаш.
Еске салсақ, бүгін сот отырысындв судья Сәкен Мамашты кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жайлы шешім қабылдады. Сондай-ақ, ол дипломат қызметіндегі дәрежесінен де айырылды.
Карина Мамаштың 10 жыл бойы күйеуі ұрып-соғып келген мәлімдемесінен кейін Сәкен Мамаш Дубайдағы қызметінен елге қайтарылған еді.