Главное

БАҚ: Ресей қателесіп азаматтық ұшақты атқылаған

Ресей қателесіп азаматтық ұшақты атқылаған. Бұл жөнінде ресейлік блогер Александр Невзоров жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Невзоровтың айтуынша, оқиға 11 шілдеге қараған түні сағат 0:20-да болған. Борт Минскіден Мәскеуге бет алған және қону кезінде әуе қорғанысы кешенінің шабуылынан зақым алған. Журналист төтенше жағдай туралы айтқан және аудиожазбаны ұсынған өзінің аты аталмаған дереккөздеріне сілтеме жасады. Жазбада ер адам (ұшақ экипажы) әскерилерге жолаушылар ұшағы екенін ескертіп, бірнеше рет қайталайды.

– Борттың ұшқышы баяндайды. Азаматтық маршрут. Рұқсат алынды. Бізге қарсы әуе қорғанысы жұмыс істеп жатыр. Қайталап айтамын, әуе қорғанысы азаматтық бортқа оқ жаудырып жатыр. Бұл нысана емес. Мұнда адамдар бар. Қайталап айтамын, азаматтық бортты дрон екен деп қалды. Эшелон сақталды. Маршрут бекітілді. Біз оқ астында қалдық, — дейді аудио жазбадағы дауыс.

Ұшақтардың ұшу бағытын бақылайтын FlightAware порталында AFL1845 «Аэрофлот» рейсі туралы ақпарат бар. Ұшақ Минскіден 23:27-де (Мәскеу уақытымен) 10 шілдеде ұшып шыққан.Мәскеуге 00:36-да қонған. Апат немесе төтенше жағдай туралы дерек жоқ.

Бұған дейін, Еуропаның адам құқықтары жөніндегі соты Ресей 2014 жылы 298 адам қаза тапқан MH17 рейсінің апатына кінәлі деп таныған.

Амстердамнан Куала-Лумпурға ұшатын Malaysia Airlines компаниясының ұшағын 2014 жылы 17 шілдеде сепаратистер бақылайтын Шығыс Украина аумағынан атылған ресейлік «Бук» зымыраны атып түсірген. Барлық 298 жолаушы мен экипаж мүшелері, оның ішінде 196 Нидерланд азаматықаза тапқан. Мамыр айында БҰҰ апат үшін Ресей жауапты екенін мойындаған.

Другие новости

Back to top button