Главное

Алдағы күндері ауа райы 43 градусқа дейін ысиды

«Қазгидромет» РМК алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, солтүстік пен шығыста – күшті жаңбыр, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, сондай-ақ 12 шілдеде батысында жоғары қысым алабының ықпалымен күн ашық әрі ыстық болады.

Республиканың басым бөлігінде желдің күшеюі болжанады.

«Күндіз еліміздің батысында 35-39°С қатты ыстық, кей аудандарда өте қатты ыстық 40-42°С дейін жетеді. 12–13 шілдеде оңтүстік-батыста өте қатты ыстық 39-44°С, ал 14 шілдеде 38-42°С күтіледі.

Солтүстік өңірлерде күндізгі ауа температурасы 17-25°С-тан 15-23°С-қа дейін сәл төмендейді. Шығыста температура негізінен 22–30°С шамасында болады. Оңтүстікте 40-43°С аптап ыстық, ал оңтүстік-шығыста 35-38°С қатты ыстық болжанады», — делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Другие новости

Back to top button