«Статусым қалқан емес»: Бишімбаев ісіндегі прокурор ана ретіндегі ұстанымын айтты (ВИДЕО)

Қоғамда жиі кездесетін құбылыстардың бірі – адамның екіжүзділікке бой алдыруы. Үйде бір кейіпте болып, көпшілік алдында мүлде басқа бейнеге ену – бұл шынайылықтан алшақтап, ішкі сенімге қарсы әрекет ету. Бишімбаев ісінде біліктілігімен танымал болған Айжан Аймағанова прокурор ана ретіндегі ұстанымы жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мен шынайылықты талап етемін. Екіжүзділік – қауіпті жол», – деп атап өтті.
Қоғамдағы әділетсіздікке көз жұму немесе көре тұра үндемеу – бұл сол әділетсіздікке тікелей үлес қосумен тең. Айжан Аймағанова осы тұрғыда өз ұстанымын білдірді.
«Көріп тұрып үндемеу – оған үлес қосумен бірдей. Бейқамдыққа тыйым саламын», – деп өз ұстанымын ашық білдіреді.
Адам өзіне адал болғанда ғана өзгеге шынайы жақсылық жасай алады.
«Өзіңе адал болу – өзгеге жақсы болғанмен тең», – деген тұжырым кез келген әрекеттің негізінде шынайылық жатқанын еске салады.
Сондай-ақ, ол лауазым немесе мәртебе адамды жауапкершіліктен босатпайтынын да автор анық атап көрсетті.
«Статусым маған қалқан емес, қайта артылған сенім мен үлкен міндет», — дейді ол.
Қоғамда жиі байқалатын дөрекілік, кек қайтару немесе ашумен шешім қабылдау – әлсіздіктің көрінісі. Айжан Аймағанова мұндай әрекеттердің орнына сабыр мен парасатты таңдауға үндейді.
«Айқайлап, кек қайтарып, дөрекілікке салыну – әлсіз адамның амалы. Ашумен емес, ақылмен жең», деген ол.
Ақшаны өмірдің басты мақсаты деп қарастыру – адамды адастырады.
«Материалдық байлық – абыройдан жоғары емес. Ақша – мақсат емес, өмір сүру құралы», – деген пікір әркімге ой салады.
Айжан Аймағанова шынайы достықты қолдай отырып, зиянкестік пен жамандықты қалыпты нәрсе деп есептейтіндермен байланыс орнатудың қауіпті екенін ескертеді.
«Жамандықты қалыпты деп санайтындар – қауіпті», — деп түйіндеді ол.