Главное

Қазақстан Еуропаға бал экспорттауға рұқсат алды – министр

Биылдан бастап Қазақстан Еуропа елдеріне бал экспорттай алады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Осы жылы Қазақстан ЕО елдеріне бал экспорттауға ресми рұқсат алды. Сондай-ақ аквакультура, жылқы еті және сүт өнімдерін экспорттауға жол ашу бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр», — дейді ол Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, бүгінде Еуропа елдерінің тізілімінде 62 қазақстандық кәсіпорын тіркелген. Ал Қытайға өнім экспорттайтын кәсіпорындар реестрінде 2 649 отандық кәсіпорын бар. 2025 жылы Қытаймен құс етіне қатысты ветеринариялық талаптарды белгілейтін хаттамаға қол қойылған.

Сонымен қатар, Грузиямен (союға арналған ірі қара мен ұсақ мал) және Иранмен (тұяқты малдың жүні) ветеринариялық сертификаттарға қол қойылды. Түркия, Ауғанстан және Пәкістан елдерімен нарықтарды кеңейту бойынша келіссөздер жалғасып жатыр, дейді Сапаров.

Другие новости

Back to top button