Главное

«Сүйінші»: танымал блогер Елдос «колобок» алғаш рет әке атанатын болды (ВИДЕО)

Танымал блогер Елдос Қадырханов «колобок» әке атанатын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желідегі парақшасында тараған видеосында блогер ұлды болатынын жариялады.

«Сүйінші, Қазақ елі! Аллаға шүкір, жеттік осы күнге. Балапан, біз сені күтеміз», — деп жазды блогер Елдос Қадырханов.

Ол осыған дейін бедеулікке қарсы күрделі ота жасатқанын айтқан болатын.

Айтуынша, Түркияға барып, дертіне шипа іздеген ол емді Астанадан тапқан екен.

«Түркияда 20-30 минут қана жасалатын. Ал Астанада ота 3,5 сағат жасалды. Дәрігерлер үмітін үзіп жатқан екен. Хирургтың айтуынша ең маңызды тұсы бітеліп қалған екен. Ота жасаған дәрігер дәл сол тұсты кесетін әдісті қолданбайтынбыз, оны ұмытып кеткенбіз дейді. Сол әдіске қажетті бір құралын қасындағы көмекшілерінен сұраса, оны тіпті дайындамаған да екен. Соны әкелгеннен кейін жаңағы жабысып тұрған жерді кесіп жібергенде бір дауыс шығып, артынша бұлақ болып ақты дейді. Соны алып, эмбриологқа бергенде ішінде жыбырлап жүргендерін көрген. Ондай менде мүлдем болмаған», — дейді Елдос Қадырханов.

Другие новости

Back to top button