Главное
АҚШ-та су тасқынынан көз жұмғандар саны 68-ге жетті

АҚШ-тың Техас штатында су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 68 адамға жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жергілікті биліктің мәліметінше, Керр графтығында 59 адам көз жұмған, тағы 9 адам көршілес аудандарда қаза тапқан. Сонымен қатар христиан жазғы лагерінен із-түзсіз жоғалған қыз балалардың саны 27-ден 11-ге азайғаны хабарланды.
АҚШ президенті Дональд Трамп су тасқынына байланысты Техас штатында төтенше жағдай режимін енгізді.
Айта кетейік, Техаста нөсер жауын салдарынан өзендер арнасынан асып, лай мен су тасқындары жүрген болатын. Құтқарушылар әлі де өзен жағалауларын тексеріп, үйінділерді қарап, із-түзсіз кеткендерді іздестіруде.