Главное
«Бақыттың ерте-кеші жоқ»: танымал қазақстандық актриса тұрмысқа шықты

Танымал актриса, кинопродюсер Құралай Анарбекова қалыңдық атанды. Сүйінші жаңалықты журналист Ләйлә Сұлтанқызы жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Бақыттың ерте-кеші жоқ. Құрбым, жақыным Құралай Анарбекова қалыңдық атанды. Ақжүрек, кең пейіл азаматың сені алақанында аялап өтетініне сенемін! Бір-бірін ұзақ күтіп, жолықтырған құрдастарға мәңгілік махаббат тіледім!», — дейді Ләйлә Сұлтанқызы.
Айта кетері, Құралай Анарбекова қалың көпшілікке «Брат или брак» фильміндегі басты рөлімен танымал.