Главное

Тоқаев жуырда тағайындалған көлік министрін қабылдап, оған нақты тапсырмалар берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көлік министрі Нұрлан Сауранбаевты қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесу барысында еліміздің көлік-транзит әлеуетін одан әрі арттыру шаралары талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан аумағы арқылы жүк тасымалын ұлғайту үшін автомобиль жолдары мен авиахабтар желісін белсенді дамыту маңызды екеніне назар аударды. Сонымен қатар теміржол саласындағы ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы жүзеге асыру мәселесіне айрықша мән берілді.

Көлік-логистика секторының ІЖӨ-дегі үлесін ұлғайту мақсатында министрге кедергі келтіретін факторларды сараптап, саланы дамыту тәсілдерін қайта қарау міндеті жүктелді.

Мемлекет басшысы көлік дәліздерінің өткізу мүмкіндігін кеңейтіп, Қазақстанның Еуразиядағы негізгі сауда-логистика торабы ретіндегі рөлін нығайту үшін жан-жақты әрі тиімді шаралар қабылдауды тапсырды.

Другие новости

Back to top button