Главное

Сарбаздарға несие алуға тыйым салынуы мүмкін

Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге банктер мен микроқаржы ұйымдарынан несие алуға тыйым салынуы мүмкін. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тиісті қаулыны әзірледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомство сайтында жарияланған ақпаратқа қарағанда, құжат күшіне енген жағдайда мерзімді қызметке шақырылған қазақстандықтар туралы мәліметтер, олардың жұмыстан шығарылуы, банктік қарыздары мен микронесиелерінің болу/болмауы туралы ақпараттармен алмасу қағидаларына өзгерістер енгізілетін болады.

– Кредиттік бюролар ЖРАЖ ИШ сервисі арқылы мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер туралы мәліметтерді алған кезде облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының мерзімді әскери қызметке шақыру туралы бұйрығының шығарылған күнін көрсете отырып жеке тұлғаның кредиттік есебінде «мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшісі» әскери қызметке қатынасының мәртебесін (бұдан әрі – мәртебе) көрсетеді. Кредитор шақыру жасындағы жеке тұлғаға банктік қарыз, микрокредитберілгенге дейін оның мәртебесін кредиттік есепте тексереді. Кредитор өзінің кредиттік есебінде мәртебесі болған кезде мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшісіне банктік қарыздар, микрокредиттер бермейді, – делінген құжатта.

Қазақстанда әскердегі әлімжеттік мәселесі өте өзекті. Армияда жүріп қаза тапқан сарбаздардың туыстары марқұмдардың несие алып, қарыз сұрағаны туралы жиі айтады.

Другие новости

Back to top button