Главное

ҚТЖ-ның жаңа басшысы тағайындалды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жаңа басқарма төрағасы – бұрын басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған Талғат Алдыбергеновті ұжымға таныстырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Талғат Алдыбергенов темір жол саласында 35 жылдан астам тәжірибесі бар. Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару» мамандығы бойынша үздік бітірген, РХШМҚА-ның экономика магистрі (Ресей) (қызыл диплом), экономика ғылымдарының кандидаты.

Жұмысшы лауазымдарынан топ-менеджментке дейінгі жол:

  • 1992-1998 жылдары – Батыс Қазақстан темір жолындағы жұмыс: тауар кассирі, жүк пен багажды қабылдап-тапсырушы, станция бастығының орынбасары, аға жол коммерциялық ревизоры.
  • 1998-2007 жылдары – «Қазақстан Темір Жолы» АҚ «Фирмалық көліктік қызмет көрсету орталығы»  РМК МКД Ақтөбе филиалының басшысы, «Қазтранссервис» МКД директоры, «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі» ЖАҚ көліктік логистика департаментінің директоры.
  • 2008-2019 жылдары – «Кедентранссервис» АҚ президенті, «АвтоГазАлматы» ЖШС бас директоры, «Kazakhmys Maker» ЖШС басқарма төрағасы.
  • 2024 жылдан – «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

Другие новости

Back to top button