Главное
Жаңа ведомство құрылды: ҰҚК мен Антикор енді қалай жұмыс істейді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне қосылуына байланысты енді қалай жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
30 маусымда президенттің жарлығымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылу арқылы қайта ұйымдастырылды.
ЖАҢА ВЕДОМСТВО
Жаңа ведомство «ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі» құрылды.
— Осыған байланысты Комитетпен бірқатар ұйымдастырушылық, басқарушылық және практикалық іс-шаралары жүзеге асырылуда. Құқықтар мен міндеттемелердің құқықтық мирасқорлығы рәсімдері аяқталғанға дейін қайта ұйымдастырылған ведомство бұрынғы режимде жұмыс істейтін болады, делінген хабарламада.
БҰҒАН ДЕЙІН
30 маусымда Ақорда таратқан ақпаратқа қарағанда, президент жарлығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосалған болатын.