Главное

«Ажырасуға себеп болады»: Айдар Тұрғамбек сүйіктілеріне сыйлық беретін еркектерге үндеу жасады

“Жігіттер” тобының әншісі Айдар Тұрғамбек ерлер қауымына үндеу жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі әйелдеріне гүл беретін еркектерді сынады.

«Жігіттер, өтініш. Әйелдеріңе гүл беріп жатқан сәтті интернетке салмаңдаршы. Қыз-келіншектер, сіздер де гүл алып жатқан бақытты кездеріңді жарияға жар салмаңдаршы. Қанша отбасы соны көріп, күйеуіне ренжіп: «Жұрттың күйеуін қарашы, әйеліне гүл беріп, шетелде қыдыртып жүр. Бізде гүл де жоқ, шетел де жоқ» деп көп отбасында ұрыс-керіс, арты ажырасу болып жатыр. Отбасы деген құпия болу керек қой», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары әртістің пікірін орынсыз деп қызу талқыға салды.

“Әйел – аманат, оны үнемі қуантып жүр”, “Тек әйелдерді кінәлі етіп шығады”, “Ажырасуға себеп гүл емес-ау”, “Көрсеткен дұрыс деп ойлаймын. Үлгі алып, сондай жақсы өмірге ұмтылады», “Адам өз жұбайымен ашық сөйлесе алмаса, ол – әлеуметтік желінің емес, сенімнің жетіспеуі. Бақытты көрсетпе демейік, көре алмайтынды түзейік», «Соншалықты санасы төмен елде тұрып жатырмыз ба? Гүл алғаныңды көрсетпе, әйтпесе гүл алмаған әйел ажырасады дейді… Бұл не деген деградация?», – деп жазды көпшілік.

Еске салайық, Айдар Тұрғамбектің “әйелдер 7-8 баладан тууы керек”деген пікірі жұртқа жақпай қалған еді.

Другие новости

Back to top button