Главное

Қазақстанда рақымшылық бойынша алғашқы азамат бостандыққа шықты

Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылық аясында алғашқы азамат бостандыққа шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ер адам Қостанай облысында ұрлық үшін жазасын өтеген

Ақпаратқа сәйкес, бостандыққа шыққан азамат Қостанай облысында ұрлық бойынша сотталып, жазасын өтеп жүрген. Енді оны үйінде жұбайы мен үш баласы күтіп отыр.

«Жаңа өмір бастауға мүмкіндік» – ҚАЖК

ҚАЖ комитеті бұл оқиғаның адам өміріндегі жаңа кезеңнің басталуын білдіретінін атап өтті:

«Бұл оқиға – олардың өміріндегі маңызды кезең. Ол толыққанды қоғам өміріне қайта оралуына және бәрін жаңадан бастауына мүмкіндік береді», – делінген комитет хабарламасында.

Рақымшылық 15 мың адамды қамтиды

Еске салайық, Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына байланысты жарияланған рақымшылық шамамен 15 мың адамды қамтитыны хабарланған.

Другие новости

Back to top button