Главное
Тоқаев алғаш рет көпшілік алдында немересі туралы айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет немересі туралы көпшілік алдында айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысы Астанадағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде жас футболшылармен тілдесу барысында немересі де осы спорт түрімен айналысатынын атап өтті. Ол немересі қақпашы екенін айтып қалды.
Жас футболшылармен, сондай-ақ боксшылармен әңгімесінде Тоқаев олардың болашақта әлем және Олимпиада чемпиондары болуларына сенім білдірді.
«Ол үшін ең алдымен аянбай еңбек ету керек. Еңбек қана жеңіске жетелейді», – деді мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы биыл жеке инвестордың қаржысына пайдалануға берілген Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінің тыныс-тіршілігімен танысты.
Ол бұқаралық спортты дамыту үшін осындай спорт кешендерін көбірек салу керегін атап өтті.