Главное

Астанада балабақша тәрбиешісінің бүлдіршіндерді ұрған сәті камераға түсіп қалды

Астанадағы мемлекеттік балабақшалардың бірінде тәрбиеші көмекшісінің бүлдіршіндерге күш көрсеткен сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Балаларға бірнеше рет қол көтерген

Оқиға Egov.Press Telegram арнасында жарияланған бейнежазбадан белгілі болды. Онда балабақша қызметкері жерде отырған баланы бірнеше рет ұрып, кейін диванда отырған екінші балаға да күш қолданғаны анық көрінеді.

Бейнежазба астындағы жазбада:

«Ата-аналардың айтуынша, мұндай әрекеттер жиі кездеседі. Бүлдіршіндерге үнемі күш көрсетіледі», – делінген.

Тәрбиеші көмекшісі жұмыстан шығарылды

Астана қалалық Білім басқармасының хабарлауынша, бейнебақылау жүйесіндегі жазбада күш қолдану фактісі расталған.

«Тәрбиеші көмекшісінің бүлдіршінге күш көрсеткені дәлелденді. Қызметкер еңбек тәртібін өрескел бұзғаны үшін жұмыстан босатылды», – деп хабарлады ведомство.

Іс құқық қорғау органдарына жолданды

Аталған оқиғаға байланысты материалдар полиция департаментіне жолданды. Қазіргі таңда қылмыстық іс аясында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Другие новости

Back to top button