Главное
«Менен 20 жыл бойы сұрады»: Мадина Сәдуақасова кездейсоқ ескі танысын көріп қалды

Танымал әнші Мадина Сәдуақасова “Сүйген жүрек” клипіне түскен жігітті кездестірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі іс-шарада бейнебаяндағы актерді кездейсоқ жолықтырды.
“20 жылдан кейін “ Сүйген жүректің“ клипіне түскен жігітті бір іс-шарада кездестірдім. 20 жыл бойы клиптегі күшік пен осы жігітті бәрі сұрап келді. Шалқар есімді жігіт. Рашид Сүлейменов режиссердің группаласы. Бүгін отбасымен таныстым. Мен үшін өте жағымды тосынсый болды. 20 жылда кім қатты өзгерген?», – деді әнші.
Желі қолданушылары әсерлі сәтті қызу талқылап жатыр.
“20 жыл өте шыққан ба?!”, “Сол кездегі краш еді”, “Күшікпен келгенде тіпті күшті болар еді?!”, “Зымыраған уақыт-ай”, “Жігіт қатты өзгеріпті”, “Телефоннан көріп, толқып кеттік”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, Мадина Сәдуақасова әріптесі Сәкен Майғазиевпен құда болғысыкелетінін айтып, сынға қалған еді.