Главное

«Сәкен ағаның қалтасына түспейді»: Журналист Анна Данченко Сәкен Майғазиевтің ұлының тойын көру неліктен ақылы екенін түсіндірді

Танымал журналист Анна Данченко Сәкен Майғазиевтің ұлының тойы не себепті ақылы екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

БАҚ өкілі екі жастың тойын жүргізеді екен.

«Сілтеме ақылы болады деп айтқан болатынмын. Дұрыс түсініңіздер, мұны мен жасап жатқан жоқпын, ұйымдастырушылар да жасап жатқан жоқ. Тікелей эфирде тойды көрсету үшін арнайы рұқсат алу керек, оның ақшасы бар. Одан кейін серверге тапсырыс беру керек. Оның сомасы үлкен емес, 1000 теңгеден асады. Қымбат емес. Ол ақша Сәкен ағаның қалтасына түспейді. Отбасы да жарата алмайды. Ол ақшаны ПТС  камерамен түсіретін ұжымға төленетенін және серверге берілетінін айтты», – дейді Анна Данченко.

Еске салайық, Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойын онлайн көргісі келетіндерге сілтеме жүктеген болатын. Көпшілік тойды көру құны – 1380 теңге екенін қызу талқылаған еді.

Другие новости

Back to top button